2025 жылдың 3-ші қараша күні, бастауыш буын сыныптарында “Үйдегі қауіпсіздік ережелері”тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Мақсаты – оқушылардың тұрмыстағы қауіпсіз мінез-құлық туралы білімдерін қалыптастыру және үй жағдайында болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу.
2025 жылғы 3 қарашада 8-сынып оқушыларымен «Күрделі жағдайларда салауатты әрі қауіпсіз өмір сүру жолы» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Мақсаты – оқушылардың жеке қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау мәселелеріне саналы түрде қарауын қалыптастыру, түрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту. Урок безопасности
«Қамқор» жобасы аясында «Ізгі істер күні» шарасы өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар мұқтаж жандарға көмек көрсетуде белсенділік танытып, айналасындағы адамдарға қамқорлық пен ықылас білдірді.
Күзгі каникул кезінде мектепте «Кітаппен өткізген каникул» атты акция өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, танымдық белсенділігін арттыру және оқу мәдениетін дамыту. Балалар кітапханасы
Күзгі каникул кезінде мектепте «Кітаппен өткізген каникул» атты акция өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, танымдық белсенділігін арттыру және оқу мәдениетін дамыту. Балалар кітапханасы
Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы (АПҚКО) аясында 2025 жылғы 29 қазанда «Сенім мен қауіпсіздік» тақырыбында ата-аналарға арналған сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың сенімді қарым-қатынастың маңыздылығын түсінуін қалыптастыру, қауіпсіз және қауіпті жағдайларды ажырату қабілетін дамыту, сондай-ақ өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарпу сезімін тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылармен әңгіме, интерактивті жаттығулар және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған ойын түріндегі жағдайлар өткізілді.
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында оқушылар «Мамандықтар әлемі» атты іс-шараға қатысып, түрлі мамандық иелерінің жұмыс орындарында болып қайтты. Мақсаты – әртүрлі еңбек түрлеріне қызығушылықты қалыптастыру және оқушылардың өзін кәсіби тұрғыда анықтауға деген көзқарасын дамыту. Кездесу барысында балалар еңбек ерекшеліктері, қажетті дағдылар мен жұмыс жағдайлары туралы мағлұмат алды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға және олардың ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді. По проекту " Еңбек адал-жас өрен "
Мектепте ұлттық-патриоттық тәрбие аясында, дәстүрлі қазақ ойыны – «Асық» ойынына арналған іс-шара өткізілді. Мақсаты – оқушыларды ұлттық мәдениетке баулу, халық дәстүрлерін сақтау мен жаңғырту. Оқушылар ойынға қызығушылықпен қатысып, ептілік, зейінділік рухын көрсетті. Мұндай ойындарды өткізу ұлттық мұраға деген құрметті арттыруға және оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді. Игра «Асық»